Accessibility links

"Нұр Отан" депутаттық тізімін жариялады


"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.
"Нұр Отан" партиясының 17-құрылтайы. Астана, 29 қаңтар 2016 жыл.

"Нұр Отан" партиясы парламент мәжілісі депутаттығына партиялық тізім бойынша өткендердің тізімін жариялады. Партия 20 наурызда өткен мәжіліске ерте сайлауда ресми нәтиже бойынша 82,20 пайыз дауыс жинап, мәжілістегі саяси партияларға тиесілі 98 депутаттық орынның 84-іне ие болған.

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, тізім бүгін "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің жиынында анықталған. Жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісіне "Нұр Отан" партиясынан депутат болғандардың біразы - алдыңғы, бесінші шақырылымдағы парламент депутаты болғандар.

Партиялық тізімде бірер спортшы мен мәдениет саласының өкілдері бар.

Партиялық тізімге саясаткерлер Нұртай Сабильянов, Мәулен Әшімбаев, Гүлжан Қарағұсова, Қуаныш Сұлтанов, Болат Жылқышиев, Бақтықожа Ізмұхамбетов, Зағипа Балиева, Бекболат Тілеухан енген.

Тізімге кіргендер арасында журналист Артур Платонов, Қазақстан мүгедектер конфедерациясының басшысы Жанат Омарбекова бар.

Қазақстан президентінің үлкен қызы, сайлау қарсаңында "Нұр Отанның" партиялық тізіміне кірген Дариға Назарбаева депутаттар тізімінде жоқ. Депутаттыққа өткендер арасында бұған қоса партия атынан сайлауға ұсынылған әншілер Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, боксшы Геннадий Головкин көрінбейді.

XS
SM
MD
LG