Accessibility links

ҚХКП-дан мәжіліс депутаттары жарияланды


Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.
Қазақстан коммунистік-халықтық партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 2 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан халықтық коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша парламент мәжілісіне депутат болатындарды анықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Партия 20 наурызда өткен мәжіліске ерте сайлауда ресми нәтиже бойынша 7,14 пайыз дауыс жинап, парламентке өткен. Орталық сайлау комиссиясы партияға сайлауда жинаған даусына қарай мәжілістегі 98 депутаттық орынның жетеуін бөлген.

ҚХКП депутаты болған алты адамның төртеуі - Жамбыл Ахметбеков, Галина Баймаханова, Айқын Қоңыров, Владислав Косарев алдыңғы, бесінші шақырылымдағы парламент депутаттары. Жаңадан қосылған үш депутат - ҚХКП орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов, партияның Алматы қалалық филиалының бірінші хатшысы Магеррам Магеррамов пен Алматыдағы №48 мектеп-лицейінің директоры Ирина Смирнова.

ҚХКП мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша 22 адам ұсынған.

XS
SM
MD
LG