Accessibility links

Мәжілісте гаджет ұстауға тыйым күшіне енді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Парламент мәжілісінде 24 наурыздан бастап қызметкерлердің смартфон мен планшет ұстауына тыйым салынды. Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс ғимаратына кіреберіске смартфондар сақтайтын арнайы жәшіктер орнатылған.

Бұған дейін Қазақстан үкіметі мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің 24 наурыздан бастап смартфон мен планшет ұстауына тыйым салған.

Ресми мәлімет бойынша, бұл шара "ақпараттың сыртқа шығуымен" күресу үшін енгізілген. Мемлекеттік мекемелерде интернет байланысы ұстайтын, фото және видео камералары бар құрылғылар қолдануға тыйым салынады. Бірақ мекемеде қоңырау шалып, хат-хабар алмасатын функциясы бар ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етіледі.

XS
SM
MD
LG