Accessibility links

Атамбаев: Біреумен соғысайын деп жатқан жоқпыз


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан шекара мәселесіне байланысты біреумен соғыспақ ниетте емес, бірақ Бішкек қауіп төнген жағдайда жауап соққысын беруге даяр деп мәлімдеді бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев. Ол бұған қоса 23-24 маусымда Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшыларының саммитіне қатыспайтынын да айтты.

Қырғызстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы 18 наурызда Өзбекстан Ақсы ауданының Чала-Сарт елді мекеніндегі қырғыз-өзбек шекарасының белгіленбеген бөлігіне екі бронетранспортер мен ондаған әскери қызметкер орналастырғаннан соң ушыққан. Қырғызстан бұған жауап ретінде осы шамада әскер мен әскери техника апарып қойған. 21 наурызда екі жақтың да әскери қызметкерлері саны сегіз адамға дейін кеміген.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Алмазбек Атамбаев Чала-Сарт елді мекеніндегі даулы бөліктен өзге де шекараның келісілмеген тұстары барын айтты. Ол бұған қоса "жағдайды шиеленістіргісі келетіндер тіпті Қырғызстанның өз ішінде де көп" екенін айтты.

23 наурызда Қырғызстан оппозициясы қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бүгін Ош қаласында өтеді деп жоспарлаған үкіметке қарсы митингісінен бас тартқан.

XS
SM
MD
LG