Accessibility links

Караджич "Босниядағы геноцид" үшін 40 жылға сотталды


Радован Караджич
Радован Караджич

Босниялық серб командирі Радован Караджич "геноцид пен соғыс қылмыстары үшін айыпты" деп танылып, 40 жыл түрме жазасына кесілді. Оның сегіз жылға созылған сотын БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тағайындаған судьялар жүргізді. Сот 24 наурыз күні Караджичті 1992-1995 жылдары болған Босния соғысы кезінде Сараево қаласында 12 мың тұрғын өлген қырғынды және Сребреница қырғынын ұйымдастыруға қатысты деп таныды. Бұрынғы серб командирі адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталған.

70 жастағы Караджич Югославия тараған кезде тұтанған соғыс кезінде қиянат жасады деп сотталып жатқан ең егде серб жетекшісі. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Караджич соғыс кезінде босниялықтарды қырғынға ұшыратқан жекелеген адамдар екенін, өзіне қараған әскери бөлімдер емес екенін айтудан танбай келеді.

Оған тағылған жеке-жеке 11 айыптың ішінде геноцидке ұшырату, күшпен көшіру мен адамзатқа қарсы қылмыс жасау бар.

Босния соғысы кезінде жалпы саны 100 мыңға жуық тұрғын қаза тапқан. Босниялық серб күштерінің командирі болған генерал Ратко Младич Гаагада сотқа тартылып жатыр. Оның да үкімі жуырда оқылады.

XS
SM
MD
LG