Accessibility links

Божко мен Исимбаева мәжілістің вице-спикерлері болды


Алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаттары. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.
Алтыншы шақырылымдағы мәжіліс депутаттары. Астана, 25 наурыз 2016 жыл.

Парламент мәжілісі төрағасының орынбасарлары болып Владимир Божко мен Гүлмира Исимбаева сайланды. Олардың кандидатурасын мәжіліс спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдап дауыс берді.

Бүгін мәжіліс депутаттары бұған дейін Атырау облысының әкімі болған Бақтықожа Ізмұхамбетовты спикер етіп сайлаған.

66 жастағы Божко мәжіліске президент жанындағы кеңесші орган - Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланған. Бұған дейін ол ішкі істер министрінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі министр болған.

58 жастағы Гүлмира Исимбаева мәжіліске "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша өткен. Ол төртінші және бесінші шақырылымдағы парламент депутаты болған. Мұның алдында Алматы қалалық білім беру департаментінің басшысы болған.

XS
SM
MD
LG