Алтыншы шақырылған парламент мәжілісінде комитеттердің жетекшілері сайланды.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жетекшісі болып Гүлнара Ықсанова, аграрлық мәселелер комитетінің жетекшісі болып Сапархан Омаров, қаржы және бюджет комитетінің жетекшісі болып Гүлжан Қарағұсова, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі болып Мәулен Әшімбаев сайланды. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің жетекшісі болып Глеб Щегельский, сот-құқықтық реформалар комитетінің жетекшісі Нұрлан Әбдіров, экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің жетекшісі Роман Скляр сайланды.
Мәжілістің жаңа құрамы 20 наурызда мерзімінен бұрын сайланған. Мәжіліске "Нұр Отан", "Ақ жол" партиялары және Қазақстан халықтық коммунистік партиясы өткен.
Бүгін мәжілістің алғашқы пленарлық отырысы өтіп, онда депутат, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжіліс төрағасы болып сайланған.