Accessibility links

Ауғанстан парламентін зымыранмен атқылады


Кабулдегі Ауғанстан парламенті ғимаратына кіреберісте тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. 28 наурыз 2016 жыл.
Кабулдегі Ауғанстан парламенті ғимаратына кіреберісте тұрған қауіпсіздік қызметкерлері. 28 наурыз 2016 жыл.

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысының содырлары Кабулдегі парламент ғимаратына бірнеше зымыран атты. Атқылау кезінде парламентте мен Ауғанстан барлау қызметінің өкілі мен ішкі істер министрінің міндетін атқарушыны тыңдау күтіліп отырған. Атқылаудан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы мәлімет жоқ.

"Парламентке үш зымыран атылды. Бірақ олар ғимаратқа тимеді. Ол кезде парламентте тыңдау өтіп жатқан" деді Бадахшан уәлаятынан сайланған депутат Сафиулла Муслим.

Кабулдегі үкіметтік және дипломатиялық нысандар бұған дейін де зымыранмен атқыланған. Бірнеше қанды шабуылдардан кейін соңғы бірнеше айда Кабулде салыстырмалы түрде алғанда тыныштық орнаған еді.

XS
SM
MD
LG