Accessibility links

Атыстан соң Капитолийге кіру шектелді


Ақ үйге кіреберісте тұрған қауіпсіздік қызметкері. Вашингтон, 28 наурыз 2016 жыл.
Ақ үйге кіреберісте тұрған қауіпсіздік қызметкері. Вашингтон, 28 наурыз 2016 жыл.

Вашингтонда қауіпсіздік күштері Капитолийді ғимараттың туристерге арнап ашылған бөлігінде атыс болғаннан кейін жауып тастады. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, атыстан қауіпсіздік қызметінің бір өкілі жараланған, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқ атқан адам ұсталған.

Бұған қоса Капитолийге жақын Ақ үйге кіретін жолдар да жабылған. Атыс болған кезде Ақ үйде жүздеген бала мен олардың ата-анасының қатысуымен Пасха мерекесіне арналған салтанатты шара өтіп жатқан. АҚШ конгресмендері демалыста жүргендіктен Капитолийде ешкім болмаған.

Конгресс мүшелерінің бірінің Азаттыққа берген ақпаратына қарағанда, полиция ол ауданда "қауіпсіздікке қатер төніп тұрғанын" айтып, адамдарды сақ болуға шақырған.

Жақында Вашингтонда әлемдегі ядролық қауіпсіздікке арналған саммит өтпек. Сол себепті құқық қорғау органдары көшелерді жауып, қауіпсіздік шараларын күшейте бастаған.

XS
SM
MD
LG