Accessibility links

Гондурас экс-президенті FIFA-да пара алғанын мойындады


FIFA-ның бұрынғы президенті Зепп Блаттер (сол жақта) мен оның бұрынғы орынбасары Мишель Платини.

Гондурастың экс-президенті, футбол ассоциациясының бұрынғы басшысы болған Рафаэль Каллехас Халықаралық футбол федерациясындағы (FIFA) коррупциялық қылмыстарға қатысы бар екенін мойындады. Каллехас FIFA-ға қатысты тергеуде кінәсін мойындаған 14-адам болып отыр. Ол әлем чемпионатының квалификациялық матчтарын өткізу және ол ойындарды трансляциялау құқығын беру үшін пара алғанын мойындады.

АҚШ билігі FIFA-дағы коррупцияға қатысты 42 адам мен ұйымға айып таққан. Ауқымды коррупциялық қылмысты тергеу FIFA-ның өзі мен басқа да футбол ассоциацияларын қамтып, бұл ұйымдардың қызметін кідірткен. Бұл жанжалдан FIFA президенті Зепп Блаттер мен оның орынбасары Мишель Платини отставкаға кеткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG