Accessibility links

Астана әуежайына айыппұл салынды


Астана әуежайы (Көрнекі сурет).
Астана әуежайы (Көрнекі сурет).

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты "Астана халықаралық уәежайы" компаниясына 16 миллион теңге (монополист қызметін атқарғаннан түскен табыстың 5 пайызы) айыппұл салды.

Астана қалалық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің хабарлауынша, айыппұл компания әуежай аумағына таксилерді кіргізуді шектеуіне байланысты салынған.

Айыппұл монополияға қарсы заңды бұзуға қатысты тексеру нәтижесі бойынша салынған. Тексеру жүргізген департамент әуежай бір такси қызметін әуежай жанындағы алаңның бірінші сызығына кіргізіп, екінші бір такси қызметін жібермей қойған деп ұйғарған.

Бұдан өзге, таксилер үшін жеке кіретін есік ашылған және такси қызметі туралы ақпарат әуежай сайтында орналастырылған.

XS
SM
MD
LG