Accessibility links

Бішкек: Терроризм күдігімен жеті адам ұсталды


Бішкекте терроризмге қарсы операция жүргізіп жатқан арнайы жасақ сарбаздары. Қазан 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Бішкекте терроризмге қарсы операция жүргізіп жатқан арнайы жасақ сарбаздары. Қазан 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) террорлық шабуылдар жасауды жоспарлады деген террорлық топтың күдікті жеті мүшесін ұстағанын хабарлады. МҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жеті адам терроризмге қарсы іс-шаралар кезінде ұсталған. Күдіктілердің қашан және қайда ұсталғаны айтылмайды.

МҰҚК ақпаратына қарағанда, ұсталғандар содырлар тартумен айналысты, Таяу Шығыстағы соғыс жүріп жатқан аймақтарға содыр жөнелтетін жолдар дайындады және Қырғызстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінген.

Қырғызстан билігі елден 500-ге тарта азамат Сиряи мен Ирактағы радикалды исламшыл топтарға, оның ішінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы құрамына қосылу үшін Таяу Шығыс аймағына кеткен дейді.

XS
SM
MD
LG