Accessibility links

АҚШ дипломаттары отбасылары Түркияның оңтүстігінен кетпек


Инжирликтегі әскери база, Түркия (Көрнекі сурет).
Инжирликтегі әскери база, Түркия (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті мен Пентагон америкалық дипломаттар мен әскери қызметкерлердің отбасыларына "террорлық топ тарапынан қауіп күшейіп бара жатқандықтан", оларға Түркияның оңтүстігінен кетуді бұйырды. Бұйрық Аданадағы консулдық пен Инжирлик, Измир және Мугладағы әскерилерге және Измир мен Мугладағы америкалық шенеуніктердің отбасыларына берілген.

Пентагонның баспасөз хатшысы Питер Куктың хабарлауынша, азаматтарды қайтаруға нақты қауіп-қатер төнуі себеп болған. Ол Вашингтон тек аталған аудандардағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде "сақтықты күшейтіп жатқанын"айтты.

Бұған қоса, мемлекеттік департамент Түркияға саяхаттап баратын америкалықтарға шабуыл жасалу қаупі күшейгенін тағы ескертті. 28 наурыз күні Израиль азаматтарын Түркияға қандай да бір сапардан бас тарта тұруға шақырған.

XS
SM
MD
LG