Accessibility links

ІІД: Арнайы операцияда ұсталған адамнан тапанша тәркіленді


Алматыдағы арнайы операциялардың бірінде жүрген полиция арнайы жасағы (Көрнекі сурет).
Алматыдағы арнайы операциялардың бірінде жүрген полиция арнайы жасағы (Көрнекі сурет).

Алматыда арнайы операцияда ұсталған ер адам Алматы облысының тұрғыны және одан сигналдық тапанша тәркіленді деп хабарлады Алматы қалалық ішкі істер депаратментінің баспасөз қызметі.

Алматыда 31 наурыз күні түстен кейін Әл-Фараби даңғылы мен Жароков көшесі аумағында арнайы операция өтіп, бір адам ұсталған.

"31 наурыз күні жедел іздестіру шарасы кезінде Алматы облысының 1988 жылы туған К. деген азаматы ұсталды" деді депаратменттің баспасөз қызметі. Ресми ақпарат бойынша, ұсталған адам бұрын қылмыстық кодекстің 103 бабының 1 тармағы бойынша сотталған және одан әскери тапаншаға лайықталып жасалған сигналдық тапанша тәркіленген. Күдікті уақытша қамау абақтысына жабылған.

Қазір қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-тармағы ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

31 наурызда Азаттық тілшісі арнайы операция кезінде Әл-Фараби даңғылы бойында жүздеген көлік бөгеліп тұрып қалғанын, операция өткен маңда жедел жәрдем көлігі мен беренді әскери техникалар жүргенін көрген.

XS
SM
MD
LG