Accessibility links

Ресей өкілі: Савченконы айырбастауға болады


Украиналық ұшқыш Надежда Савченко сот үкімін күтіп отыр. Донецк, 22 наурыз 2016 жыл.
Украиналық ұшқыш Надежда Савченко сот үкімін күтіп отыр. Донецк, 22 наурыз 2016 жыл.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин Ресейде 22 жылға сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконы Украинада сотталған ресейліктерге айырбастау мүмкіндігі барын мәлімдеді.

Владимир Маркин "Вечерний Челябинск" басылымына жарияланған мақаласында: "Әрине, заң 22 жыл жазасын өтеуді талап етеді. Бірақ егер айырбас Киев абақтысынан жақсы және әділ адамдарды шығарып алуға көмектессе, онда мұндай қадам жасауға болады" деген. Оның сөзінше, заңда сотталушыны отанына ол жақта жазасын өтейтін болса ғана беруге рұқсат етеді. Маркин "Киев Савченконы айырбастаған жағдайда заң мен келісімге қарамастан босатып жібереді" деген пікір айтады.

Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Надежда Савченконы Донбастағы арнайы операцияда ұсталған ресейліктер Александр Александров пен Евгений Ерофеевке айырбастауға дайын екенін білдірген.

22 наурызда Ростов облысының Донецк қалалық соты Надежда Савченконы Украинаның шығысында ресейлік екі журналистің қаза табуына қатысы бар деп айыптап, 22 жылға соттаған. Надежда Савченко тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG