Accessibility links

Молдовада президент сайлауы қазанда өтеді


Молдова парламентінің отырысы. Кишинев, 16 наурыз 2016 жыл.
Молдова парламентінің отырысы. Кишинев, 16 наурыз 2016 жыл.

Молдова парламенті елде қазанның 30-ына жалпыхалықтық президент сайлауын белгіледі. Бұған дейін Молдовада президентті парламент сайлайтын.

Наурыздың басында сот бірнеше ай қарсылық танытқан демонстранттардың пайдасына президентті парламентте емес, жалпыхалықтық жолмен сайлауды мақұлдап шешім шығарған.

Қазіргі президент Николае Тимофтидің төрт жылдың мерзімі наурыз айында аяқталған. Бірақ ол келесі президент сайланғанша президент міндетін атқара береді.

Молдова парламенті 31 наурызда бұған қоса "елдің егемендігі, тәуелсіздігі мен бейтараптығына" нұқсан келтіргендерді жазаны күшейтуді мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG