Accessibility links

Обама: Путин әскери күш-қуатты нығайтуды жөн көреді


Ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысушылар. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.
Ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысушылар. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путиннің елдің экономикалық дамуына зиян екеніне қарамастан, әскери қуатын нығайтуға күш салуы ядролық қару-жарақты қысқарту саласында прогреске кедергі келтірді. Бұл туралы жұма күні АҚШ президенті Барак Обама мәлімдеген.

Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аяқталған соң сөйлеген сөзінде Ақ үй жетекшісі АҚШ пен Ресей арасында 2011 жылы стратегиялық ядролық қару-жарақты қысқарту туралы жаңа келісім күшіне енгелі бері өзге жетістік жоқтығына қынжылыс білдірген. Обаманың пікірінше, ондай жетістікке Путин «экономикалық диверсификация мен дамуға зиян екеніне қарамастан, әскери күш-қуатты арттыруға басымдық беретін идеяны жүзеге асыруды» жөн көргендіктен қол жетпеген.

АҚШ президенті өз қызмет өкілетінің қалған он айы ішінде екі тарап арасында қару-жарақты қысқарту бойынша жаңа қадамдар болады деп күтпейтінін мәлімдеген. Бірақ, сонымен бірге Барак Обама екі ел СНВ-3 келісімі аясында алған міндеттерін орындауды жалғастырып келе жатқандықтан, тараптар болашақта аталған салада жетістікке жетер деп үміт білдірген.

XS
SM
MD
LG