Accessibility links

Назарбаев: Терроризмге қарсы бірыңғай желі құру қажет


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Вашингтон, 1 сәуір 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемде террористер қолына ядролық қару түсуіне жол бермеу үшін бірыңғай әлемдік жүйе құруды ұсынады. Бұл туралы ол Вашингтонда қазақстандық БАҚ өкілдері үшін брифингте айтқан деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

«Бұл үшін бүкіл халықаралық қоғамдастықтың бірлескен нақты жұмысы қажет. Мен террорлық ұйымдарға қатысы бар әркімді бақылауға алуға болатын бірыңғай әлемдік желі құру қажет деп санаймын», - деген Қазақстан басшысы. Ол ядролық қарудан арылу, атом энергиясын пайдаланатын нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығына назар аударған.

«Бүгінде бүкіл әлем бойынша планетаны тұтасымен әлденеше рет жоюға жеткілікті өте көп ядролық қару бар. Сондықтан қарусыздану мәселесі біздің және ұрпағымыздың болашағын айқындайды», – деген Назарбаев.

Қазақстан президенті жұма күні АҚШ астанасында жұмысын аяқтаған ғаламдық ядролық қауіпсіздік саммитіне елуден астам елдің лидерлерімен бірге қатысқан.

Саммитте сөйлеген сөзінде АҚШ президенті Барак Обама әлемде террористер қолына ядролық қару түсу қаупі барын ескерткен.

XS
SM
MD
LG