Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Кубада Рауль Кастромен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Куба президенті Рауль Кастромен Гаванада кездесті. (akorda.kz сайтындағы сурет.)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Куба президенті Рауль Кастромен Гаванада кездесті. (akorda.kz сайтындағы сурет.)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Гаванада Куба мемлекеттік кеңесінің және министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен кездесті деп хабарлайды Ақорда. Кездесуде сауда-экономикалық, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты байланыстарды кеңейту талқыланған.

«Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталып, осы салада қазақстандық және кубалық мамандардың тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті» делінген ресми ақпаратта.

Сонымен бірге Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанның кандидатурасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдіргені айтылған.

Гавана сапары кезінде Қазақстан президенті Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Марти мемориалына гүл қою рәсіміне қатысып, мемориал музейін аралап көрген.

Назарбаев жұма күні АҚШ астанасында аяқталған ғаламдық ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттен қайтар жолда Кубаға сапармен барған.

XS
SM
MD
LG