Accessibility links

Мәскеуде «Платон» жүйесіне қарсылық жиыны өтіп жатыр


«Платон» төлем жүйесіне наразылық жиынына қатысушылар. Мәскеу, 3 сәуір 2016 жыл.
«Платон» төлем жүйесіне наразылық жиынына қатысушылар. Мәскеу, 3 сәуір 2016 жыл.

Мәскеуде бүгін үлкен көлемдегі жүк таситын автокөлік жүргізушілері «Платон» төлем жүйесін жоюды талап етіп наразылық акциясын өткізіп жатыр. Ұйымдастырушылар оны өткізуге билік органдарының рұқсатын алған. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, наразылық шарасына екі жүзден астам адам жиналған.

«Прогрессивное право» құқыққорғау қозғалысының Twitter әлеуметтік желісі арқылы хабарлауынша, акцияға қатысуға Ресейдің Сібір, Тула, Түмен, Вологда аймақтарынан жүк көлігі жүргізушілері келген. Бүгінгі шарада «Тегін білім және медицина үшін» азаматтық бастамасы белсенділері де жүргені айтылады.

Сонымен бірге акцияда Ресейдегі көлік жүргізушілерінің аймақаралық кәсіподағы өкілдері президент Владимир Путин мен үкіметті отставкаға кетуге шақырғаны хабарланды.

Бұған дейін Мәскеудің аймақтық қауіпсіздік департаментінің жетекшісі Алексей Майоров «Интерфакс» агенттігіне митингті ұйымдастырушылар шараға 300-ге дейін адам қатысады деп көрсеткенін хабарлаған.

Ресейде 2015 жылғы 15 қарашадан бастап салмағы 12 тоннадан асатын жүк тасымалдайтын автокөліктерден федералдық жолдармен жүргені үшін төлем алу тәртібінің енгізілуі алыс қашықтыққа үлкен көлемде жүк таситын көлік жүргізушілерінің наразылығын туғызып, барлық аймақтарда қарсылық акциялары өткен.

XS
SM
MD
LG