Accessibility links

Маврикияда табылған сынық MH370 рейсінікі болуы мүмкін


Мозамбик жағалауынан табылған ұшақ сынығы. 3 наурыз 2016 жыл.
Мозамбик жағалауынан табылған ұшақ сынығы. 3 наурыз 2016 жыл.

Маврикияда теңіз жағалауынан табылған ұшақ бөлшегі 2014 жылы наурызда жоғалып кеткен малайзиялық Boeing 777 жолаушылар ұшағының сынығы болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Тергеушілер табылған сынықты зерттеп жатыр деп хабарлады бүгін Австралия билігі.

ВВС-дің ақпараты бойынша, әлгі затты тауып алған адамдар түскен қонақүй иесі оның ұшақтың ішкі бөлшектеріне ұқсас екенін айтқан.

Бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі болған Malaysia Airlines ұлттық компаниясының Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыздың 8-і күні MH370 рейсімен Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан соң көп ұзамай ізім-ғайым жоғалып кетті. Жоғалған ұшақты Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінен іздестірген еді.

Өткен айда Австралия көлік министрі Мозамбик жағалауынан табылған сынық малайзиялық Boeing ұшағына тиесілі болуы әбден мүмкін деп мәлімдеген. 2015 жылы француз сарапшылары Үнді мұхитындағы Реюньон аралы жағалауынан табылған сынық – жоғалған ұшақ қанатының бөлшегі деген қорытынды жасаған.

XS
SM
MD
LG