Accessibility links

Брюссель әуежайы ішінара жұмыс істей бастады


Завентем әуежайының террорлық жарылыстардан кейінгі көрінісі. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.
Завентем әуежайының террорлық жарылыстардан кейінгі көрінісі. Брюссель, 22 наурыз 2016 жыл.

Наурызда террорлық шабуылдардан кейін уақытша жабылып қалған Брюссельдегі Завентем әуежайы 3 сәуірде жұмысын ішінара қайта бастағаны туралы хабарланды.

Әуежайдың атқарушы директор Арно Фейстің хабарлауынша, әзірше Португалияның Фару, Грекия астанасы Афина, Италияның Турин қалаларына жолаушылар рейстері қайта іске қосылады. Жолаушыларды тіркеу бөлек залда ашылған уақытша тіркеу орындарында жүргізіледі. Әуежайда қауіпсіздік шаралары мен тексеру күшейтілген.

Әуежайдың ұшу аймағындағы террорлық шабуылдардан бүлінген бөлігін толық қалпына келтіруге бірнеше ай кетеді деп хабарланды. Әзірше Брюссель бас әуежайы әдеттегі мүмкіндігінің тек 20 пайызы шамасында ғана жұмыс істейтін болады.

22 наурызда жанкештілер әуелі Завентем әуежайында екі жарылыс, арада бір сағаттай өткенде Брюссель метросында тағы бір жарылыс жасаған. Террорлық шабуылдардан 32 адам опат болып, 300-ден астам адам жараланған. «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Брюссельдегі шабуылдарға жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG