Accessibility links

Чехия ирактық 25 босқынды еліне қайтармақ


Берлин теміржол вокзалында тұрған мигранттар. Германия, желтоқсан 2015 жыл.

Чехия ішкі істер министрі Милан Хованецтің мәлімдеуінше, билік бірер күн бұрын Чехиядан Германияға өтпек болған бір топ Ирак христиандарын еліне қайтармақ. 2 сәуірде 25 мигрант мінген, Германияға кетіп бара жатқан автобусты шекараны кесіп өткен бойда неміс полициясы ұстаған. Чехия билігі оларды кері қабылдап алуға келіскен.

Желтоқсан айында Прага христиан дінін ұстанатын, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобынан бас сауғалаған 153 босқынды паналатуға міндеттенген. Хованец Германияға бармақ болған 25 адам "чехтардың ақкөңілділігін пайдаланып қалғанын" айтып, олар бір апта ішінде елдеріне қайтарылуы тиіс екенін мәлімдеді. Чехияның бұл адамдарды қалай қайтаратыны әзірге белгісіз.

Қаңтардан сәуір айына дейін Чехияға Ирактың солтүстігінде тұрған 37 христиан отбасы арнайы бағдарлама бойынша көшіп келуі тиіс еді. СТК ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хованец мигранттардың таяудағы әрекетінен соң бағдарламаны уақытша тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG