Accessibility links

БАӘ іздеудегі қазақстандықты қайтарған


Қазақстан бас прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Қазақстан бас прокуратурасы (Көрнекі сурет).

"Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жұмсау немесе иелену" айыбы бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мирхат Әлімбетов Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) экстрадицияланды деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, "Какаду" фирмасының иесі әрі директоры, 45 жастағы Әлімбетов 2005-2008 жылдары Астанада "Қыпшақ" тұрғын үй құрылысын салу кезінде үлескерлердің 397 миллион теңгеден астам қаржысын және мемлекеттің 434 миллионнан астам теңгесін заңсыз иемденген.

"2012 жылы Әлімбетовтің Дубайда жүргені анықталып, 2016 жылы 4 сәуірде БАӘ құқық қорғау орындары оны екі ел арасындағы келісім бойынша Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарды" делінген ресми ақпаратта.

Қазір күдікті Астанадағы тергеу изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG