Accessibility links

Обама мен Столтенберг НАТО-ның ИМ-мен күресін талқылады


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама "НАТО АҚШ-тың қауіпсіздік саласы саясатындағы тірегі және Вашингтонның терроризммен күресіндегі маңызды одақтасы болып қала береді" деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Вашингтонда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуінен соң өткізген бірлескен баспасөз конференциясында айтты.

Обама Столтенбергпен НАТО-ның Ливиядағы рөлі, альянстың Еуропа Одағына Сириядағы соғыстан туындаған мигранттар мәселесін шешуге көмектесуі жайын талқылағанын айтты. Обама мен Столтенбергтің сөзінше, НАТО "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы кампанияда Ливияға осы ұйым содырларымен күресіне көмектесіп, Ирак пен Иорданияда әскер даярлау арқылы маңызды рөл атқара алады.

"Біз билік жұмыс істей бастаған Ливия сияқты елдердегі операцияларда тұрақты негіздегі ынтымақтастықты жалғастыра аламыз" деді Обама.

Ал Столтенберг альянс аймақтағы ИМ әрекет ететін елдерде, оның ішінде Ливияда тұрақтылық орнатып, көмек көрсету жолдарын қарастырып жатқанын айтты. "НАТО көмектесуге даяр" деген Столтенберг Ливияның ұлттық үкімет құруда жетістікке жеткенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG