Accessibility links

БҰҰ: Донбаста 1,5 миллион адам аштық шегінде


Украина төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған, тұрғындарға көмектесу орталығына жиналған адамдар. Луганск облысы, 19 наурыз 2016 жыл.
Украина төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастырған, тұрғындарға көмектесу орталығына жиналған адамдар. Луганск облысы, 19 наурыз 2016 жыл.

БҰҰ мәліметі бойынша, Украинаның шығысындағы екі жылға созылған қарулы қақтығыстан бір жарым миллион адам аштық шегінде тұр. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының дерегіне қарағанда, олардың 300 мыңдайы азық-түлікке аса мұқтаж және жедел көмекке зәру.

Азық-түлікпен қамтамасыз етуде ең қиын жағдай Украина үкіметіне бағынбайтын Луганск облысының жекелеген аудандары мен қақтығыс шебі бойында орналасқан аудандарда қалыптасқан.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ай сайын 270 мың адамға жедел көмек көрсетуге ниетті. БҰҰ қақтығысушы тараптарды тұрғындарға гуманитарлық жүктерді жеткізуге мүмкіндік беруге шақырады.

XS
SM
MD
LG