Accessibility links

Таулы Қарабақта атыс тоқтайтыны хабарланды


Таулы Қарабақтағы армян еріктісі. 3 сәуір 2016 жыл.
Таулы Қарабақтағы армян еріктісі. 3 сәуір 2016 жыл.

"Бүгін жергілікті уақытпен сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісім жасалды" деп хабарлады Таулы Қарабақ армиясының баспасөз хатшысы Сенор Асратян.

Бұл хабарды Әзербайжан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі де растады.

Армения мен Әзербайжанның арасындағы даулы аймақ – Таулы Қарабақтағы жағдай 2 сәуірге қараған түні күрт шиеленіскен. Тараптар атысты тоқтату келісімін бұзды деп бір-бірін айыптаған. Екі тараптан да ондаған адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.

XS
SM
MD
LG