Accessibility links

Нидерланд Украинамен ассоциацияға қарсы дауыс берді


Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте Украинамен ассоциация туралы референдумда дауыс беріп тұр. Гаага, 6 сәуір 2016 жыл.
Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте Украинамен ассоциация туралы референдумда дауыс беріп тұр. Гаага, 6 сәуір 2016 жыл.

Нидерланд үкіметі елде 6 сәуірде өткен референдумнан соң Еуропа Одағының Украинамен ассоциация туралы келісімін мақұлдау жайын қайта қарауы мүмкін екенін мәлімдеді. Референдумда дауыс берген халықтың көпшілігі Украинамен жақын байланыс орнатуды қолдамайтынын білдірген.

Берілген дауысты санаудың алдын ала қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 61 пайыздан астамы Украинамен жақындасуға қарсы, 38 пайызы қолдап дауыс берген. Дауыс беруге сайлаушылардың 32 пайызы қатысып, референдумды өтті деп тануға қажетті межеге жеткен.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рюттенің айтуынша, қарсы дауыс бергендер басым дауыспен жеңген.

"Егер дауыс бергендер саны 30 пайыздан асса, онда ол "қарсылардың" жеңісі болмақ. Мен келісім жайдан-жай мақұлдана салмайтынын сезіп тұрмын" деді Рютте.

Референдумның заңдық күші жоқ болғанымен, парламенттегі партиялардың көбі "оның нәтижесін ескеру қажет" дейді.

XS
SM
MD
LG