Accessibility links

Панама офшорлық әрекеттерді тексермек


ICIJ сайтындағы "Панама құжаттары" туралы есептің скриншоты.
ICIJ сайтындағы "Панама құжаттары" туралы есептің скриншоты.

Панама президенті Хуан Карлос Варела панамалық Mossack Fonseca заң фирмасы құжаттарында келтірілген мәліметтерге байланысты елдегі қаржылық операцияларды тексеретін комиссия құруға тапсырма берді.

"Панама үкіметі сыртқы істер миинстрлігі арқылы жергілікті және халықаралық сарапшылардан құралатын тәуелсіз комиссия құрады. Комиссия елдегі қаржылық іс-әрекеттерді тексеріп, қаржылық және құқықтық жүйенің ашықтығын нығайту үшін өзге елдермен бөлісетін шараларды ұсынады" деді Хуан Карлос Варела 6 сәуірде.

Панама президенті өз елін "халықаралық заңдарды құрметтейтін және халықаралық қауымдастықтың бұл ғаламдық проблеманың шешімін табуына септесетін парасатты ел" деп атады.

Сәуірдің басында Mossack Fonseca фирмасының ондаған ел саясаткерлері мен белгілі адамдардың офшорлық әрекеттеріне қатысты құжаттары әшкереленіп кеткен. Бұдан соң Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Панаманы қатты сынаған.

"Панама салық пен тиісті органдардан жалтарылған қаржыны әлі де жасыратын соңғы ел" деген ЕҚЫҰ бас хатшысы Анхель Гурриа.

XS
SM
MD
LG