Accessibility links

Брюссельдегі жанкештілердің бірі Еуропарламентте істеген


Брюссельдегі теракт құрбандарын еске алу. Бельгия, 23 наурыз 2016 жыл.
Брюссельдегі теракт құрбандарын еске алу. Бельгия, 23 наурыз 2016 жыл.

Брюссельде 22 наурыздағы терактілерді жасағандардың бірі алты жыл бұрын Еуропа парламентінде аула тазалаушы болып жұмыс істеген. Еуропа парламенті бұл туралы таратқан мәлімдемесінде күдіктінің парламентте 2009-2010 жылдары жаз кезінде уақытша жұмыс істегені айтылады.

Еуропа парламенті күдіктінің аты-жөнін айтпағанымен, кейбір дереккөздері оны 25 жастағы бельгиялық Наджим Лаашрауи дейді. Прокуратура күдікті Брюссель әуежайында өзін-өзі жарып жібергенін және өткен жылы қарашада Парижде 130 адам қаза тапқан терактілерге жанкешті белдемшесін жасаумен айналысқанын айтады.

Брюссельде 22 наурыз күні әуежайдың ұшу залында екі жарылыс, "Маальбек" метро станциясында тағы бір жарылыс болған. Терактілерден 31 адам қаза тауып, 270-тен астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG