Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіби сегіз театр қатысатын «Театр көктемі – 2016» фестивалі басталды.
7-9 сәуір аралығында өтетін фестивальдің ашылу салтанаты Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында болды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, биылғы фестиваль жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың туындыларына арналады.
Фестивальге қатысатын ұжымдар қаладағы бірнеше театрда өнерлерін көрсетеді.