Accessibility links

Германияда "ИМ-мен байланысты" екі адам ұсталды


Мюнхен стадионында жарылғыш зат бар-жоғын тексеріп жүрген полицей. Германия, 29 наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Мюнхен стадионында жарылғыш зат бар-жоғын тексеріп жүрген полицей. Германия, 29 наурыз 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Германияның Бавария аймағының полициясы Нигерия мен Ирактан шыққан екі ер адамды "зорлық-зомбылық әрекетін жасамақ" деген күдікпен ұстады. Биліктің мәліметінше, 46 жастағы ирактық пен 29 жастағы нигериялық 7 сәуірде Мюнхен мен оған жақын Фюрстенфельбрюк ауданында неміс арнайы қызметінің аңдуымен ұсталған.

Suddeutsche Zeitung басылымының прокурор Томас Штайнкраусқа сілтеме жасап хабарлауынша, күдікті екеудің "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларымен байланыста болғанына дәлел бар.

Бавария полициясының дерегінше, тінту кезінде күдікті зат табылмаған және билік "тұрғындарға нақты қауіп төніп тұр деп санамайды".

XS
SM
MD
LG