Accessibility links

ИМ содырлары Сирияда 300 жұмысшыны ұрлады


Дамаскінің соғыстан қирап қалған ауданы, Сирия (Көрнекі сурет).
Дамаскінің соғыстан қирап қалған ауданы, Сирия (Көрнекі сурет).

Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік тобының содырлары осы аптада үкімет әскері шептеріне шабуыл бастағанда Дамаскінің солтүстік-шығысында орналасқан цемент зауытының 300 жұмысшысын ұрлап әкетті.

Сириялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, содырлар адамдарды Думеир қаласында ұстап әкеткен, жұмыс беруші жұмысшылармен мүлдем байланыса алмай отыр. Бұған дейін Syrian Observatory for Human Rights ұйымы 5 сәуірде зауытқа шабуыл басталғалы бері 150-ден 250-ге дейін жұмысшы жоғалып кеткенін хабарлаған.

Ал "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы Сириядағы қоршауда тұрған территориялар бітім орнап, шектеулі түрде гуманитарлық көмек алып отырғанына қарамастан көмекке аса мұқтаж екенін мәлімдеді. Ұйым басшысы Барт Янссен 500 мыңнан астам сириялық қамалып қалған қоршаудағы территорияларды "үрей мен қорқыныш каталогы" деп атады. Ол сонымен қатар соңғы екі аптада Дамаск маңында "Шекарасыз дәрігерлер" қолдайтын екі аурухана бомбаланғанын да айтты.

XS
SM
MD
LG