Accessibility links

Путинцева Винус Уильямсты жеңді


Юлия Путинцева.
Юлия Путинцева.

Қазақстанның қазіргі бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 61-орында тұрған Юлия Путинцева Чарльстонда (АҚШ) өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалына шықты.

Ол үшінші айналымда америкалық, әлемнің 14-ракеткасы саналатын Винус Уильямсты 7:6, 2:6, 6:4 есебімен жеңді. Матч үш сағатқа созылды.

Путинцева спортта Винус Уильямсты алғаш рет жеңіп отыр. Екі теннисші осыған дейін үш рет кездесіп, үшеуінде де америкалық теннисші жеңіске жетіп келген.

Путинцева осы жеңісі үшін рейтингіне 75 ұпай қосып алды. Енді ол ширек финалда италиялық Сара Эрранимен кездеседі. Чарльстондағы жарыс 10 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG