Accessibility links

Сейітқазы Матаев ауруханаға түсті


Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев.
Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының жетекшісі Сейітқазы Матаев.

Қазақстан журналистер одағының төрағасы, "мемлекет қаржысын жымқырды" және "салық төлеуден жалтарды" деген күдікпен тергеліп жатқан Сейітқазы Матаев ауруханаға түсті. Алматыдағы кардиологиялық орталық Азаттыққа Матаевтың 7 сәуір күні кешке түскенін хабарлады.

ҚазТАГ агенттігінің 8 сәуірде Матаевтың туыстарына сілтеме жасап хабарлауынша, кеше кешке Алматы қалалық коррупцияға қарсы қызметінің қызметкерлері Матаевқа шақырту қағазын жеткізіп, оның тергеуге міндетті түрде келуін сұраған. Сол уақытта Матаевтың қан қысымы көтеріліп кеткен. ҚазТАГ-тың мәліметінше, Матаевтың адвокаттары жедел тергеу тобының жетекшісін Сейітқазы Матаев денсаулығына байланысты тергеуге бара алмайтынын айтқан.

Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та үйқамақта отыр. Олар мемлекеттен ақпараттық саясатқа бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша күдікті ретінде танылып, қамауда отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, істі үкіметтік емес бірлестік пен ақпарат құралына қысым деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG