Accessibility links

Кэмерон офшорда үлесі болғанын мойындады


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон әйелімен бірге өзінің қайтыс болған әкесі құрған офшорлық компанияда үлесі болғанын мойындады. BBC-дің хабарлауынша, премьер бұл үлесті әйелі екеуі 2010 жылы сатып, 30 мың фунт-стерлинг (шамамен 42 мың доллар) алғанын айтқан.

Кэмерон бұған дейін офшорлық компанияларда ешқандай үлесі жоғын мәлімдегенімен, бұрын үлесі үлесі болғаны туралы айтпаған. Ол жалақысына өмір сүретінін және жинаған ақшасынан пайыздық өсім алатынын айтқан.

Ұлыбритания парламентіндегі оппозиция бұған дейін "Панама құжаттары" аталып кеткен офшорлық әрекеттер туралы есепте Кэмеронның туысының аты аталуына байланысты тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақырған. Ұлыбританияның салық және кеден мәселелері жөніндегі қызметі мұны мұқият зерттейтінін мәлімдеген.

Панамадағы Mossack Fonseca заң фирмасының әшкере болып кеткен құжаттарында премьердің әкесі Иэн Кэмеронның 1980 жылдары құрылған офшорлық қорды "басқарғаны" және осы арқылы "салық төлеуден жалтарғаны" айтылады.

XS
SM
MD
LG