Ресейдің мемлекеттік "Россия сегодня" агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев баспасөз жиынында журналистерге ағасының ұлы Сергейдің Украинаға соғысуға кеткенін хабарлады. Киселевтің сөзінше, Германияда тұратын жиені "Горловка түбінде" соғысып, сол жерде взвод командирінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
Киселев Азаттықтың Беларусь редакциясы тілшісінің жиенінің қарсылас қай тарапта соғысып жүргені туралы сұрағанына жауап бермеді.
Беларусьтің "Наша Нива" газеті тілшісінің "Киселев Донбасқа оның бағдарламасын көріп, соғысуға кеткендердің тағдыры бұзылып, өмірі қиылғанына қатысы барына кінәлі сезінбей ме" деген сұрағы да жауапсыз қалды. Кремльшіл журналист Киевті кезекті рет Украинада мемлекеттік төңкеріс жасап, азаптау жүргізді және әскери қылмыс жасады, АҚШ-тың қолдауымен азаматтық соғыс бастады деп айыптады.
Дмитрий Киселевтің баспасөз конференциясы 7 сәуірде Минскіде "Sputnik Беларусь" мультимедиялық жобасы баспасөз орталығының ашылуына орай өткен.