Accessibility links

Украина премьері қызметтен кететінін мәлімдеді


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк отставкаға кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін мәлімдеген ол алдағы аптада парламенттен өзін қызметтен босатуды сұрайтынын айтқан.

«Парламенттегі Петр Порошенко блогы үкімет басшысы қызметіне Владимир Гройсманды (Жоғарғы Рада төрағасы) ұсынды. Тұрақтылық пен ұстанған бағыттың сабақтастығы үшін қажеттінің барлығын атқара келе, Украина үкіметі жетекшісі міндетін тапсыру туралы шешімге келдім» деп мәлімдеген Яценюк.

Ол «рейтинг - құбылмалы іс» екенін айтып, өзін жақтайтын «Халық майданы» партиясынан шешіміне қолдау білдіруді сұраған.

Бұған дейін наурыз айында Петр Порошенко блогы Арсений Яценюк басқаратын ел үкіметін отставкаға жіберу туралы қарар қабылдап, премьер-министр қызметіне Владимир Гройсманды ұсынған. Қарарда елде реформалар қарқыны бәсеңдеп, министрлер кабинетінің қырсыздығы коалицияның тарауы мен үкіметтің азаматтар сенімінен айырылуына әкеп соққаны айтылған еді.

41 жастағы Арсений Яценюк Украинада халық толқуы әсерінен бұрынғы президент Виктор Янукович биліктен тайдырылған 2014 жылдың 27 ақпанынан күні бүгінге дейін үкімет жетекшісі болып келген.

Арсений Яценюктің мәлімдемесі (украин тілінде):

XS
SM
MD
LG