Accessibility links

Астана мен Тегеран 2 млрд $ келісімін жасады


Назарбаевтың Иран сапары
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Қазақстан президентінің Иранға сапары кезінде екі ел арасында жалпы құны 2 млрд долларлық 66 келісім жасалғаны хабарланды.

Қазақстан президенті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 сәуір күні Тегеранда кездескен Иран мен Қазақстан басшылары көлік-логистика, экологияны қорғау, Каспийде кеме қатынасы мен туризмді дамыту салаларын қамтитын және Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттарға қол қойған.

Иран президенті Хасан Роухани мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экстремизммен және терроризммен күресу, Ирак, Ауғанстан, Сирия аумағындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және Йемендегі қақтығысты тоқтату қажеттігі туралы пікір алмасқан.

Ресми сапар кезінде металлургия, тау-кен, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, туризм, ғылым және білім, медицина салаларында жалпы құны 2 миллиард доллар болатын 66 екіжақты келісім бекітілгені хабарланды.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG