Accessibility links

Пастернактың қолжазбалары аукционда сатылды


Борис Пастернактың "Доктор Живаго" кітабының мұқабасы (Көрнекі сурет).
Борис Пастернактың "Доктор Живаго" кітабының мұқабасы (Көрнекі сурет).

Орыс жазушысы Борис Пастернактың "Доктор Живаго" романының екі бөлімінің қолжазбасы Нью-Йоркте Bonhams аукцион үйінде 77 500 АҚШ долларына сатылды.

11 сәуірде өткен аукционда кітаптың үшінші және төртінші бөлімінің қолжазбасын кім сатып алғаны айтылмады.

1945-1955 жылдары жазылған "Доктор Живаго" романын совет ресми әдеби ортасы "автор 1917 жылғы қазан төңкерісіне қатысты өзгеше көзқарас ұстанады" деп қабылдамаған. СССР баспалары жазушының қолжазбасын басудан бас тартқан соң ол жасырын жолмен шетке шығарылып, Италияда басылған. 1958 жылы Пастернак әдебиет саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталғанымен, совет билігі оны сыйлықтан бас тартуға мәжбүрлеген.

Bonhams қолжазбада орыс ақыны, жазушының сүйіктісі әрі көмекшісі, "Доктор Живагоның" бас кейіпкері Лараға шабыт берген Ольга Ивинскаяға жазған хаты да бар дейді. Ивинскаяны Пастернактың 1956 жылы 7 мамырда жазған қолжазбаларын сақтаған адам деп таниды.

XS
SM
MD
LG