Accessibility links

Украина парламенті жаңа үкіметті әлі жасақтай алмады


Украина парламентінің спикері, премьерлікке ұсынылған Владимир Гройсман. Киев, 12 сәуір 2016 жыл.
Украина парламентінің спикері, премьерлікке ұсынылған Владимир Гройсман. Киев, 12 сәуір 2016 жыл.

Украина премьер-министрін сайлауға қатысты дау парламенттегі үкімет құрамын өзгертуге және президент Петр Порошенконың кейбір маңызды саяси салалардағы билігін күшейтуге қатысты дауыс беруді кешеуілдетіп отыр.

Депутаттар 12 сәуірде коалицияға қатысты жаңа келісімді аяқтаудың шешуші сәтіне жақындаған. Парламент спикері, Порошенконың жақын серігі Владимир Гройсман 10 сәуірде қызметінен кеткен премьер Арсений Яценюктің орнына ұсынылған.

Бірақ парламенттегі Порошенко фракциясының депутаты Алексей Гончаренко 12 сәуірде журналистерге Киевтегі колаиция жайлы келіссөз экономика, энергетика, мәдениет, денсаулық сақтау министрлері кім болады деген мәселеге қатысты ешқандай шешім қабылданбаған күйі аяқталғанын хабарлады.

Ол парламенттегі коалиция мен үкіметке қатысты дауыс беру 13, 14 сәуір күндері өтеді деген үміті барын білдірді.

XS
SM
MD
LG