Accessibility links

АҚШ билігі Өзбекстандағы азаптауды айыптады


Amnesty International құқық қорғау ұйымының Өзбекстандағы азаптауға қарсы кампаниясы (Көрнекі сурет).
Amnesty International құқық қорғау ұйымының Өзбекстандағы азаптауға қарсы кампаниясы (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстан қауіпсіздік қызметін "тұтқындарды азаптап, қорлық көрсетеді" деп айыптады. Департаменттің 2015 жылы әлем елдеріндегі адам құқығы ахуалы туралы есебінде президент Ислам Каримов билігі азаматтарға өз басшыларын сайлау арқылы ауыстыруға мүмкіндік бермейтіні айтылады. 13 сәуірде жарияланған есепте Өзбекстан билігі "азаптау арқылы кісі өлтіргені" айтылады.

Баяндама авторлары "Дереккөздері азаптау мен зорлық-зомбылық - түрмелерде, тергеу изоляторлары мен полиция учаскелеріндегіәдеттегі жағдайға айналғанын хабарлады" дейді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері "тұтқындарды аяусыз ұрып-соғып, титықтату, жыныстық зорлық көрсету, тұншықтыру, қолын байлап асып қою және электрошок әдістерін" қолданатыны да хабарланған.

Құқық қорғаушылар Вашингтонды Ташкентпен қауіпсіздік және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатудың қарымтасы ретінде Өзбекстандағы адам құқығының бұзылуына көз жұмып отыр деп айыптайды. АҚШ билігі бұл айыптауды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG