Ресей президенті Владимир Путин 14 сәуір күні жыл сайынғы тікелей эфирде Ресей азаматтарының сұрақтарына жауап береді.
Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тікелей эфирге ресейліктерден 1 миллионнан астам сұрақ түскенін хабарлады. Тікелей эфир әдетте төрт сағатқа немесе одан да ұзаққа созылады және ол биыл осымен 14-рет өткізілмек.
Ресей экономикасы қазір әлемдегі мұнай бағасының арзандауынан және Батыс елдері салған санкциялардан дағдарыста тұрғандықтан сарапшылар Кремль кез-келген наразылық пен көңіл толмаушылық көріністеріне ерекше дайындық жасап отыр дейді.
Тікелей эфир кезінде тұрғындар Путинге қоңырау шалып, сауалын қоя алғанымен, бұл шара көбіне сценарий бойынша өтеді.