Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапармен Өзбекстан астанасы Ташкентке барды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында Назарбаев Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездесіп, екі жақты қарым-қатынастарды талқыламақ.
Назарбаев Өзбекстанға Түркияға жасағанан сапарынан қайтар жолда барып отыр. Түркияда ол осы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, Ислам ынтымақтастығы ұйымының 13-саммитіне қатысқан.