Accessibility links

"Қазақтелеком" кей сайттардың бұғатталғанын терістеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Қазақтелеком" компаниясы kashin.guru, meduza.io, fergananews.com, echo.msk.ru және maximonline.ru интернет ресурстарының бұғатталмағанын хабарлады. Бұл туралы компанияның Азаттықтың осы сайттардың бұғатталуына қатысты наурыздың басында жолдаған сауалына берген жауабында айтылады.

Азаттық бұған дейін Қазақстан аумағында Ресей мен Өзбекстанның бірнеше қоғамдық-саяси және ойын-сауық сайттарының бұғатталып, я оларға кіру қиындағаны туралы жазған. Қазақстан территориясында kashin.guru, maximonline.ru, meduza.io және fergananews.com сайттарының ашылмай, echo.msk.ru сайтына кіру қиындағаны байқалған еді.

Ал meduza.io сайтынан басқа сайттарда олардың не себепті жабылғаны айтылмаған және сайт жетекшілеріне жабу себептері хабарланбаған болатын.

Соңғы кезде meduza.io сайты бұғаттан айналып өтудің амалын таба бастағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG