Accessibility links

Ресей АҚШ-тың адам құқығы туралы есебін сынады


Мәскеу полициясы қарсылық акциясына шыққан белсендіні ұстап әкетіп барады (Көрнекі сурет).
Мәскеу полициясы қарсылық акциясына шыққан белсендіні ұстап әкетіп барады (Көрнекі сурет).

Ресей бірер күн бұрын жарияланған АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі, оның ішінде Ресейдегі адам құқығы жағдайы туралы есебін айыптады. Есепте Кремльдің Украинадағы басқыншылығы мен Ресейдегі азаматтық еркіндік жағдайы сыналған.

Ресей сыртқы істер министрлігінің адам құқығы жөніндегі уәкілі Константин Долгов есепті "жетекшілік ету және ғибрат айту" мәнерінде ұзақтан дайындалған, "идеологиялық мөрі бар" және "Ресейге қарсы стереотиптерге толы" құжат деп атады. "Вашингтонға АҚШ-тың өзіндегі адам құқығы, демократия және заңның үстемдігіне қатысты проблемаларды шешіп алуға кіріскені жөн" деді Долгов сыртқы істер министрлігі сайтында жарияланған мәлімдемеде.

АҚШ мемлекеттік департаменті 13 сәуірде әлемдегі адам құқығының ахуалы туралы 2015 жылға арналған есебін жариялаған. Есепте Ресей үкімет 2015 жылы Украинадан Қырымды заңсыз аннексиялап, Донбастағы қарулы сепаратистерге қолдау көрсетуі нәтижесінде өз еліндегі және басқа сырт мемлекеттердегі адам құқығы жағдайына "кәдімгідей және теріс ықпал еткені" айтылады. Департамент баяндамасында бұдан өзге Кремльдің өткен жылы "өзгеше ойлайтындарды басу үшін бірқатар шара қабылдағанын" айтады. АҚШ мамандары Кремль үкіметті сынайтындарды жүйелі түрде шабуылдап, сотпен қудалайтынын, түрмеге жауып айыппұл салатынын да айтады.

XS
SM
MD
LG