Accessibility links

ТЖК: Қазақстанда 37 үй су астында қалып отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда көктемгі су тасқыны басталғалы бері 37 үй су астында қалып отыр деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

Әсіресе Қостанай облысы Суриковка ауылында 20 аула мен 20 үйді ішінара су басқан. Бірақ, Суриковкаға көрші орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ дейді төтенше жағдайлар қызметі. Суриковкадан қызыл суды сыртқа ағызу үшін ұзындығы 600, көлденеңі төрт метрлік арна қазылған.

ТЖК деректері бойынша, су тасқыны басталған кезден бері 519 үйден су шығарылған. Астана қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жалпы көлемі бір жарым миллион текше метр қызыл суды ағызу жұмыстары атқарылған.

Бұған дейін тасқын қаупінен эвакуацияланған 1024 адамның 935-і өз үйлеріне қайтып оралған.

XS
SM
MD
LG