Accessibility links

Тбилисиде студенттер ереуілдеп жатыр


Тбилиси мемлекеттік университеті студенттері наразылық акциясында.
Тбилиси мемлекеттік университеті студенттері наразылық акциясында.

Грузияда студенттер елдегі жоғары білім саласында, ең әуелі жоғару оқу орындарының басқару жүйесіне түбегейлі реформалар жүргізуді талап етіп жатыр.

Тбилиси мемлекеттік университетінде «Аудитория 115» деп аталатын студенттер ұйымының ондаған мүшесі оқу орны ғимараттарының бірінде орындықтар мен үстелдерден баррикада орнатып, есікті іштен бекітіп алды. Бұған дейін жүзден аса студент университет алдында митинг өткізіп, сосын Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвилидің жұмыс кабинеті орналасқан мемлекеттік канцелярия ғимаратына барған. Олар премьердің университетке студенттермен келіссөз өткізуге келуін немесе студенттер өкілдерін қабылдауын талап еткен.

Тбилиси орталығындағы Руставели алаңы бір сағат бойы жабық тұрды. Наразылық шеруіне қатысушылар «Университетке автономия берілсін!», «Азаттық, теңдік, ынтымақтастық!» деген ұрандар көтерген.

«Аудитории 115» мүшелері университетті басқару тек факультет кеңестері сайлаған студенттер қатысуы керек деп санайды. Сонымен бірге студенттер ректорды сайлау тәртібін өзгерту және университеттің басқару құрылымын «грузин арнайы қызметі агенттерінен» арылту туралы талап қойып отыр. Олар егер талаптары орындалмаса аштық акциясын бастайтындарын мәлімдеген.

Бұған дейін студенттер «дұрыс басқара алмады» деп сынаған университет ректоры қызметінен кеткен еді.

XS
SM
MD
LG