Accessibility links

Дохадағы кездесуден соң мұнай бағасы арзандады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Дохада өткен мұнай өндруші елдер ұйымы өкілдерінің өндіріс көлемін азайту туралы кездесуі сәтсіз аяқталған соң 18 сәуірде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 5 пайыздан астам арзандады.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новак 17 сәуір күні Дохадағы келіссөз аяқталған соң кездесудегі "қызу талқылау" мен "Иранның ұстанымына" байланысты Кремль мұнай өндірісі көлемін азайту туралы келісім жасалады деген сенімде болмағанын мәлімдеді.

Мұнай өндіруші елдер ұйымы - ОПЕК мүшесі Иран Дохадағы келіссөзге қатыспады және мұнай өндіру көлемін Тегеранға халықаралық санкциялар салынғанға дейінгі деңгейіне жеткенше азайтпайтынын білдірген.

Ал Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін азайту келісімі оған ОПЕК-ке мүше елдердің барлығы келіскен жағдайда ғана қол қойылуы тиіс дейді.

XS
SM
MD
LG