БҰҰ биылғы жылдың алғашқы үш айында Ауғанстандағы соғыста 600 бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады. Бұл сан өткен жылдың алғашқы тоқсанындағы көрсеткіштен 13 пайызға төмен.
БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының дерегінше, биыл алғашқы үш айда жараланғандар саны өткен жылдың үш айымен салыстырғанда 11 пайызға артып, 1 мың 343 адамды құраған. Ұйым миссиясы халық қоныстанған аймақтарда ұрыс қимылдарының күшейюінен құрбан болған балалар 29 пайызға, әйелдер арасындағы құрбандық 5 пайызға артқанын айтады.
600 бейбіт тұрғынның 60 пайызы үкіметке қарсы күштердің әскери іс-қимылынан мерт болғанымен, ауған қауіпсіздік күштерінің миномет пен гранатомет сияқты қаруларды қолдануынан құрбан болған бейбіт тұрғындары саны артқан.